«Келешек мектептері»: үш жылда 217 білім ошағы салынды

  • 7
  • 20.08.2026, 19:41

«Келешек мектептері» ұлттық жобасын жүзеге асыру аяқталды. Жоба аясында 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 217 білім ошағы салынды. Нәтижесінде 54 үш ауысымды және 12 апатты мектептің мәселесі толығымен реттелді. Оған қоса, 100-ден астам мектепте оқушы орындарының тапшылығы шешілді. Нысандардың біразы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында бой көтерген. Білім ошақтарының 84-і ауылдық жерлерде салынды.