Астанада нейрохирургия мен неврологияның өзекті мәселелері талқыланды

  • 8
  • 02.10.2026, 18:40

Астанада нейрохирургия мен неврологияның өзекті мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтті. Ауқымды жиынға АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Орталық Азиядан 150-ден астам сарапшы келген.

Кездесуде заманауи ғылыми жобалар таныстырылып,  40-тан астам баяндама жасалды. Ғалымдар жүйке жүйесі ауруларын емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады. Жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту әлеуеті де сөз болды. Қазақстанда жыл сайын 36 мыңнан астам нейрохирургиялық операция жасалады.

Ұлттық нейрохирургия орталығы және 39 облыстық және қалалық ауруханаларда 51 нейрохирургиялық бөлімше жұмыс істеп тұр. Конференция барысында белгілі ғалым, профессор Леонид Лихтерманның 95 жылдық мерейтойы да аталып өтті.