Қазақ детективінің үздіктері анықталды

  • 6
  • 02.10.2026, 18:50

Абай облысының орталығы Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шықты. Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылған байқауға еліміздің әр өңірінен 71 шығарма ұсынылып, қазылар алқасының шешімімен 15 туынды үздік деп танылды. Жүлдегерлер қатарында жас қаламгерлер де бар. Үздік деп танылған 15 шығарма арнайы жинаққа топтастырылып, жеке кітап болып жарық көрді. Бұл – қазақ детектив жанрына жаңа есімдер мен тың туындылардың қосылып, әдебиеттің осы бағытының дамып келе жатқанының айқын көрінісі.

Басты мақсат – қазақ детективінің негізін қалаушылардың бірі Кемел Тоқаевтың шығармашылық дәстүрін жалғастырып, отандық детектив жанрын дамыту. Келер жылы байқау онжылдық мерейтойын атап өтеді. Ұйымдастырушылар оны жаңа форматта өткізуді жоспарлап отыр.

Әділбек Ыбырайымұлы, бас жүлде иегері:

- Осындай шығармашылық байқауында жеңіске жету – үлкен мақтаныш. Өйткені Кемел Тоқаев сияқты атамыздың соңынан шытырман оқиғаға, тақырыпқа қалам тарту деген өте қиын, бір жағы қызық. Өйткені мына шытырман оқиғасы авторды, интеллектіні, білімді қажет етеді. Себебі ондағы қылмыскерлердің бәрі білімді,  ізін жасыру үшін технологияны меңгерген. Сонықтан осының бәрін автор білуі керек деп ойлаймын.