Алматыға әлемнің 50 елінен 120-ға жуық ғалым келді

  • 0
  • 08.10.2026, 18:53

Алматыға әлемнің 50 елінен 120-ға жуық ғалым келді. Олар Eurasia-Pacific Uninet Бас ассамблеясының пленарлық отырысы және Erasmus+ бағдарламасының семинарына қатысып жатыр. Профессорлар бүгін академиялық ұтқырлықты және халықаралық серіктестікті дамыту жайын талқылады. Мұнай-газ, инженерия, педагогикадағы өзекті мәселелер де сөз болды. Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтіп жатыр. Айта кетейік 25 жылдық тарихы бар Eurasia-Pacific Uninet Бас ассамблеясының мәжілісі елімізде алғаш рет өтіп отыр.

Самғат Ермекбаев, әл-Фараби атындағЫ ҚазҰУ бірінші проректоры:

- Бұл іс-шара үш күн бойы өтуде. Біздің Қазақ ұлттық университетінің және өңірлік университеттердің ректорлары мен проректорлары қатысып жатыр. Өздеріңіз көріп отырсыздар мынау көрмеде әр профессордың және әр ұйымның өзінің қысқаша ақпараттары бар.