Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақ тілінің келешегіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ – Тоқаев

  • 1
  • 11.11.2026, 18:22

Бүгінде ана тіліміз цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласына кеңінен еніп, заман талабына сай дамып келеді.

Кеше ғана Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» қоғамының мерейтойлық Құрылтайында қазақ тілінің келешегіне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын атап өтті. «Бұған әлемдік технологиялық компаниялардың қазақ тіліне деген қызығушылығы мен жаңа жетістіктері дәлел», - деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ана тіліміздің әлеуетін әлемнің озық технологиялық компаниялары да мойындай бастады. Мәселен, Open.AI компаниясы жүргізген зерттеуге сәйкес қазақ тілі соңғы 3 жылда жасанды интеллект жүйесіндегі қолданыс аясы қарқынды кеңейіп жатқан тілдердің қатарына кірген. Ал Yandeх компаниясы өзінің бір белгілі өнімін былтырдан бері қазақ тілінде қолданатын адамдардың саны 30 пайызға артқанын мәлімдеп отыр. Сондай-ақ өткен жылы Google компаниясы қазақ тілін Gemini тілдік моделіне енгізді. Мұның бәрі – қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту үшін жүргізілген жүйелі жұмыстың бір нәтижесі.