Сапалы білім, жастарды қолдау және әр балаға жаңа мүмкіндіктер беру. Абай облысында Құрылтай депутаттары мен Халық кеңесінің мүшелерінің студенттер және педагогтермен кездесулерінде осы тақырыптар басты назарға алынды.
Шара барысында жастардың мансап жолын қалыптастыруға қолдау көрсету, мамандар даярлау сапасын арттыру және жас буынды өңірдің қоғамдық өміріне белсенді тарту мәселелері талқыланды.