Елде су ресурстарын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 14,5 мың шақырым суару арнасы қайта жаңартылады. Оның ішінде 3,5 мың шақырым каналды цифрландыру арқылы реконструкциялау көзделген.
Еліміздегі суару каналдарының жалпы ұзындығы шамамен 45 мың шақырымға жетеді. Қазір 4,6 мың шақырымнан астам суару каналын реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр.