Жетісу облысының алты ауданын газдандыруға 37 миллиард 400 миллион теңге бөлінді. Қаражат Президент Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Инфрақұрылымды дамыту қорынан бағытталады. Оған газ құбырлары мен тарату желілері салынады.
Жалпы елімізде көгілдір отынға қол жеткізген тұрғындар саны 13 миллионнан асты. Энергетика министрлігінің дерегінше, қазір халықтың 64,2 пайызы табиғи газбен қамтылған.
Елдің көгілдір отынмен қамтылмаған өңірлерін газдандыруға қарекет тек 2019 жылдан бері қарай басталды десек, 7 жылда 31 мың шақырымнан астам газ желілері салынған екен. Басқаша айтсақ, жер шарының радуисына жетеқабыл екен. Бұл көп пе? Атап өткендей, қазір еліміз 64 пайыздан астам газбен қамтылды. Ал жаңағы 31 мың шақырым ол 13 пайыздық жұмыс. Қалған 36 пайызды еңсеру үшін жер шарын тағы екі-үш рет айналу керек болады. Бұл ретте Үкіметтің не ойлағаны бар? Газдың игілігін толық көретін күн қайсы? Газдандыру қарқыны қандай?
2019 жылы ел аумағының 51 пайызы ғана көгілдір отынмен қамтылған еді. Әлбетте қалған өңірлерге көз жұма салынған жоқ. Территорияның үлкендігі қажетті инфрақұрылымды құруға қол байлау болып келді. Бірақ соған қарамастан, газдандырудың жағырапиясын кеңейту шешімі қабылданды. Стратегиялық миссия.
Алтынай Әлімқұлова, ҚР ЭМ Газдандыру және газ жобалары басқармасының басшысы:
– Жалпы еліміздің аймақтарын белсенді газдандыру жұмыстары соңғы 7 жылда қарқын алды. Сарыарқа, Бейнеу Бозой Шымкент сияқты көгілдір отын тасымалдайтын күрежолдар салынды. Қазір министрлік солтүстік өңірлерді газдандыру бойынша қызу іске кірісті және 2030 жылы Теріскейді көгілдір отынмен қамтуды толық аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.
Газдандыру жұмыстарының барысы туралы бірер мәлімет бере кетейік. Мемлекет басшысы Жолдауда жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Үкімет Инфрақұрылымды дамыту қорынан:
Жетісу облысының Ақсу, Сарқан, Алакөл, Панфилов, Қаратал және Ескелді аудандарында газ құбырлары мен газ тарату желілерін салуға 37,4 млрд теңге бөлді. Жаңа желілердің жалпы ұзындығы 3300 шақырым болмақ. Бұл 183 мың тұрғынға игілік болмақ.
Азамат Бейсбаев, Жетісу облысы Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
– Жетісу облысы құрылғанға дейін облыс халқының небәрі 27 пайызы ғана табиғи газбен қамтамасыз етілген болатын. Бүгінгі таңда 115 елді мекен газдандырылып, 468 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілді. Бұл облыс халқының 67 пайызын құрайды.
Елді газдандыру әсілінде бір оқпен екі қоян ату саясатына саяды. Әлбетте ол эконималық тиімділік болса, екіншіден, мәселенің экологиялық қыры және бар.
Сапарбай Жобаев, экономист:
– Бізде көмірді көбірек пайдаланамыз ғой. Оның экологиялық зияны көбірек. Газ көмірмен салыстырғанда, мұнаймен салыстырғанда, біраз экологиялық таза өнім есептеледі. Кейін ол ыңғайлы қолдануға. Қазіргі біздің ғалымдар көмірден газ шығарып, халыққа, сол жаңағы өнеркәсіпке, барлығына газ беру мәселесін қазір ғалымдар шешіп жатыр.
Газдандырудың басты экономикалық тиімділігі не десеңіз, энергия ресурстарына кететін шығын азаяды, өндірістің өзіндік құнын төмендетіп, тиісінше өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырады.