Алматылық археологтар үлкен олжаға кенелді. Шаһар іргесіндегі Қарағайлы қорымынан сақ дәуіріне жататын алтын әшекей табылды. Қазба жұмыстарын Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қызметкерлері жасаған.Аю пішінді құйма әшекей бұрын-сонды еш жерде табылмаған. Сақ шеберлерінің қолынан шыққан бұйымның салмағы шамамен 8 грамм.
Мамандардың болжамынша, оны киімге сәндік әшекей ретінде қадаған. Оған жәдігердегі арнайы тесіктер дәлел. Салмағы жеңіл болғанмен, қазақ археологиясы үшін маңызы зор. Обадан төрт ересек пен үш баланың сүйектері де табылды. Қазба жұмысына жетекшілік еткен ғылыми қызметкер Марат Нұрпейісовтің пікірінше, мұнда біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларда өмір сүрген сақтар жерленуі мүмкін. «Қарағайлының алтын аюы» ғылыми еңбектерге еніп, музей төрінен орын алады.
Ләззат Сағындықова, музейлер бірлестігінің директоры:
– 35 антрополог мамандарды тартамыз. Яғни ол жасын сүйектердің, жынысын анықтайтын болады. Бізде мұндай сирек кездеседі. Бұл олжа сирек кездесетін құбылыс. Себебі соңғы рет 2014 жылы Алматы қаласының аумағында барыстың бейнесінде және қыран құстың бейнесінде Алатау ауданы Көкқайнар ықшамауданының аумағынан осындай археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған.