Space Nomad жобасы: ғарышкерлер сынақты жерде өткізе алады
Қазақ жерінен бастау алған ғарыш тарихына биыл 62 жыл. Мереке қарсаңында елімізде алғаш рет Space Nomad кешені іске қосылды. Енді ғарышкерлер сынақты әуеде емес, жерде де өткізе алады. Орталық Азияда баламасы жоқ кешенде экипаж мүшелері 2 күн бойы ғарышты имитациялайды. Соның арқасында кәсіби біліктілігін арттырып, болашақ сапарларды тыңғылықты жоспарлау мүмкін болады. Сынақтарды тәжірибеден өткізіп жатқан ғарышкерлер арасында қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов те бар.
Айдын Айымбетов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
- Space Nomad – ғалымдарымыз ойлап тапқан отандық өнім. Қазір шетелдік агенттіктер тарапынан халықаралық экипажға қатысуға қызығушылық бар. Сондай-ақ ғалымдардан бөлек, туристер қатысатын экипаждар құру шешімін қарастырып жатырмыз.