ДДСҰ дабыл қаққан дерттің емін отандық ғалымдар жасап шықты
Адам ағзасында ауру туғызатын қауіпті бактериялар көбейіп барады. Тіпті олар антибиотикке төзімді бола бастаған. Дүниежүізілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қаққан дерттің емін отандық ғалымдар жасап шықты. «Химерлік Индолизин» деп аталатын препарат жануарлар мен адам ағзасындағы қауіпті бактерияларды жойып қана қоймай, таралуын шектейді екен. Мына зертханада жасалған препарат қазір бекіре балықтарына сыналып жатыр. Препарат қарапайым тілмен айтсақ бактериялардың вирусының геномынан бөлініп алынады. Антибиотикке төзімді және қауіпті бактериялар жан-жануарлар арқылы адам ағзасына түседі екен. Қазақстандық ғалымдар ғылыми жобамен 2019 жылдан бері айналысып келеді.
Амангелді Бисембаев, «Биология және биотехнология мәселелері» ҒЗИ директоры:
- Антибактериялық препаратқа бактерияларда төзімділік ешқашан пайда болмайды антибиотикпен салыстырған кезде. Екіншіден, ол балықтың еті болсын немесе жануардың еті болсын сол арқылы адамның ағзасына жетпейді. Ол өте аз уақытта жаңа патогендерді, ауру туғызатын аса қауіпті патогендерді 1 минут, жарты сағаттың ішінде толығымен өлтіреді.