Жазғы демалыстың басталуына 17 күн қалды
Биыл 172 мыңға жуық оқушы мектептен түлеп ұшады. 288 мыңнан астам 9-сынып оқушылары өз таңдауларын жасайды. Оларға арнайы білім алу үшін 130 мыңға жуық грант бөлінеді. Сонымен қатар министрлік соңғы қоңырау салтанатты жиынын, балаларды қорғау күнінде өткізуді ұсынды. Бірақ білім мекемелері бұл шараны өткізу бойынша шешімдерді дербес қабылдай алады. Сынып сағаттарын өткізу, соңғы қоңырау, аттестатты тапсыру кеші үшін ата-аналардан ақша жиналмайды. Оған тыйым салынған.
Шолпан Каринова, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:
- 9- сынып бітірушілер қорытынды мектеп емтихандарын 2-13 маусым аралығында өткізіледі. Ал 11 сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында өткізіледі. Аттестаттарды тапсыру бойынша шараларды өткізуді 20, 21, 23 маусым күндері біздің министрлік ұсынып отыр.