Астанада алдағы екі жылда 40 мектеп салынады
Оның 11 осы жаңа оқу жылы ішінде пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің есебінде мәлімдеді. Мегаполисте соңғы уақытта орта білім беру нысандарының тапшылығын қатты сезілуде. Жыл сайын мектептерді 10 мың түлек бітіріп шықса, 25 мың бала мектеп табалдырығын аттайды. Осы сұранысты қамтамасыз ету үшін 40 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл жаңа нысандар барлық ауданда бой көтереді. Соның ішінде қалаға қарасты елді мекендерде бар. Қазір қаланың халық саны 1 млн 300 мыңнан асыпты. Демографиялық ахуал өзге де қызмет түрлеріне қосымша салмақ салуда. Мәселен ауыз сумен қамту.
Жеңіс Қасымбек, қала әкімі:
- Кеше ғана біз жаңа насос станциясының құрылысын бітірдік. Ол күніне 35 мың текше метр су беретін болады. Тамыз айында екінші кезең аяқталады. Олардың жұмысы арқылы алдағы 3-4 жылда су тапшылығы болмайды. Ал одан кейінгі кезеңде мәселе туындамауы үшін «Ертіс-Қарағанды» каналынан құбыр тарту жобасы жасалуда.