Түркістандық оқушылар атмосфераға наноспутник ұшырды
Түркістандық оқушылар атмосфераның жоғарғы қабатына ультразаманауи 2 наноспутник ұшырды. Былтыр қаладағы «Оқушылар сарайында» «UniSat» білім беру хабы ашылған. Соның негізінде еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі өз жұмысын бастады. Қазір 30 жуық оқушы STEM курстарында инженерлік дағдыларды игеруде. Атмосфераның жоғарғы қабатына ұшырылған наноспутник ауа температурасына қатысты мәліметтер жинауға көмектеседі.
Индира Икапова, оқушылар сарайының директоры:
- Бұл кішкентай ғана қораптың төрт жағынан видеокамерасы бар. Оның ішінде чиптар бар. Ұшқанда ол бәрін түсіреді. Мысалы, желдің соғуы, ауаның ластануы, оның ішінде балаларға эссе жазғанға көптеген материалдар бар. Эссесін қорғайды. Бағдарды қалай алды, оны ары қарай зерттейді. Содан кейін оны қорғайды. Бұл балаларға өте үлкен мүмкіндік.