Алматыда ядролық зерттеулер төңірегінде кеңес өтті
Алматыда «Біріккен ядролық зерттеулер институтына» мүше мемлекеттердің өкілдіктері кезекті сессиясын өткізді. Жиында институттың өткен жетіжылдықта жасаған ғылыми жобалары талқыға салынды. Сонымен қатар келесі 2023-2030 жылдарға арналған институт жұмысының жоспары мен қаржылық есебі белгіленді. Ресейдің Дубна қаласында құрылған институтқа 16 мемлекет мүше. Аталмыш құрылым мен Қазақстан арасындағы бірлескен жұмыс шеңберінде бірнеше жоба жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, NICA жобасы бойынша детекторлар құрастыруда қазақстандық ғалымдардың үлесі зор. Қазір Біріккен ядролық зерттеулер институтында 90 қазақстандық ғалым түрлі зерттеулермен айналысуда.
Саябек Сахиев, ядролық физика институтының бас директоры:
- Біріккен ядролық зерттеулер институтының тағы бір Қазақстан үшін маңыздылығы енді Қазастанда ультра салқын нейтрондық, әлемдегі ең теңдессіз сондай көзін ашу, Ядролық физика институтына мүмкіндік туып тұр. Яғни Қазақстанға да Megascience жобалар келеді. Әлемнің жетекші ғалымдары Ядролық физика институтындағы су зерттеу реакторының негізінде сол жерде зерттеулерін жасауға даяр.