Хабар телеарнасы

Қазақ агротехникалық университеті «Алжир» музейімен әріптестік орнатпақ

Елорда іргесіндегі бұрынғы «Алжир» лагері халық жауларының әйелдері азапталған орын ретінде белгілі.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ашық аспан астындағы мемориалға Қазақ агротехникалық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы ат басын бұрды.

Ұлт қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орайластырылған іс-шарада ғалымдар мемориал кешендегі «Алаш үкіметі тарихы» музейімен және «Алжир» лагерінде болған қыз-келіншектердің қолданған заттары және отбасы, бала-шағасын сағынғанда наннан жасаған мүсіншелерімен танысты.

Университет ұжымы музеймен ғылыми-зерттеу бағытында әріптестік орнатуды көздеп отыр.

Жайнагүл Құсайынова, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма мүшесі - студенттер ісі жөніндегі проректор:

- Мақсатымыз осы саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым ету. Ендігі жерде біз осы тарихты әр кезде жадымызда сақтап, ұрпағымызға, жастарымызға, тәуелсіздіктің қадірін насихаттап, тәуелсіз елімізді дамыту үшін еңбектенуді насихаттаймыз.