Елде жүрегі сыр беретіндер неге көбейіп кетті?
Елімізде жүрегі сыр беретіндер неге көбейіп кетті? Дәрігерлердің айтуынша, өлім-жітім көрсеткіші бойынша инфаркт пен инсульт алдыңғы қатардан түспей тұр.
Өткен жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 2 мың 703 мың адамнан жүректің ишемиялық аурулары, жүрек жетіспеушілігі аурулары анықталған. Бірақ бұл нақты көрсеткіш емес. Себебі өз диагнозын білмейтін, білсе де дәрігерге қаралмайтын науқастар көп. Сондықтан мамандар ел тұрғындарын дер кезінде скринингтен өтіп, мемлекет есебінен жасалатын барлық медициналық көмекті алуға шақырды. Оның бірі - қан айналым жүйесі аурулары бойынша медициналық көмекті жетілдіруге арналған жол картасы.
Бұған қоса, биылдан бастап 50-60 жастағы ер азаматтар да скринингтен өтуі тиіс.
Айнұр Тәуекелова, Жүрек орталығы амбулаториялық қызметінің басшысы, кардиолог:
- Қан айналым жүйесі ауруларының көбеюіне, ең алдымен – қан қысымының көтерілуі себеп. Оның өзі жүректің ишемиялық аурулары, инсульт сынды бірнеше ауруға алып келеді. Бұдан бөлек, артық салмақ пен талғамсыз желінген тамақ, яғни майлы, тәттіні көп пайдалану да осы ауру түрлерін қоздырады. Қимыл-қозғалыс аз болса да, қан айналым жүйесі нашарлайды.