Түркі мемлекеттер ұйымына мүше елдер денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты арттыра түспек.
Астанада тиісті меморандумға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Түрікменстанның ведомство өкілдері қол қойды. Шара аясында меймандар біздегі мүмкіндікпен, соның ішінде авиация қызметінің техникаларымен танысты.
Айта кету керек, түркі елдірінің медицина саласындағы мамандары Қазақстанда алғаш рет бас қосып отыр. Шара екі күнге жоспарланған.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Әзербайжанның ұшағы қыста құлағанда біз әрине, телефон арқылы бірлесе осы жұмысты атқардық. Бірақ осындай үйлестіру орталығы қажет екенін түсініп, осы ұсынысты түркі мемлекеттердің министрлеріне ұсындық. Ол қолдау тапты. Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық шұғыл медициналық көмек көрсететін орталық түркі мемлекеттерінің осы медициналық көмекті көрсететін үйлестіру орталығы болып табылады. Сондықтан бұл үлкен нәтиже.
Еліміздің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары хәл үстінде жатқан науқастарға кәсіби көмек көрсетеді. Жыл сайын мыңнан астам шақыртуға шығады. Мұнда 250 орындық стационар бар. Сондай-ақ кешенде 29 бағыт бойынша емдеу ісін жүргізетін бірнеше клиникалық департамент жұмыс істеп тұр.