Үкімет заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы, Волчанка ауылында дәрігерлік амбулатория салу жұмыстарын аяқтауға арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 67 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады.
Жобаның жалпы құны - 419 млн теңге. Оның 67 миллионы қайтарылған активтер жинақталатын арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Бүгінде құрылыстың 65% орындалды. Қазір инженерлік желілер жүргізіліп жатыр. Нысан мамырда тапсырылуы тиіс. Жалпы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында осындай 655 мединицалық нысанның құрылысы жоспарланғанын айта кетейік. Оның 467-сі тапсырылса, қалған 188 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.