Қазақстанда қызылша, көкжөтел және А гепатитіне қарсы екпе алудан бас тартатындар көбейген.
Талдау барысында көрсеткендей, екпе салдырмауға басты себептердің бірі – алып-қашпа әңгімеге сену. Сондықтан мамандар қауесетке ермей, денсаулықты күту керегін ескертеді. Кейбір дертке қарсы вакцина алмау аурудың асқынып, жақындарына қауіп төндіріп, тіпті соңы қайғылы жағдайға апаруы мүмкін. Жалпы елімізде екпе салудың ұлттық күнтізбесіне сәйкес, 13 инфекцияға қарсы вакцина салынады.
Қазір эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен кезекті вакциналау апталығы өтіп жатыр.
Жанна Пралиева, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Қызылшаға шалдыққан балалардың 82 пайызы – мүлде вакцина алмағандар. Тағы 14 пайызы – алған-алмағандарын нақты білмейтіндер, яғни екпе тарихы белгісіз. Ал қалған 4 пайызы тек бір рет қана екпе алғандар. Мамандар айтып отырған ККП – бұл Қызылша, Көкжөтел және Эпидемиялық паротитке қарсы вакцина. Ол балаға екі рет салынады: бірінші рет – 1 жасында, екінші рет – 6 жасында. Біз жүргізген талдау нәтижесінде көп ата-ананың вакцинаға сенбейтіні анықталды. Алайда неге сенбейтінін өздері де түсіндіріп бере алмайды. Көбі жай ғана «біреу жаман деді» деген сияқты жалған ақпаратқа сеніп қалады. Бірақ бұл ғылыми түрде дәлелденбеген.