Елде алғаш рет қашықтан басқарылатын роботтармен бірге операция жасалды

  • 113
  • 08.05.2025, 18:56

Отандық медицина тарихында алғаш рет қашықтан роботтармен бірге операция жасалды. Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Бейжің университетінің бірінші ауруханасы бірлесіп, науқастың бүйрегіндегі қатерлі ісікті алды. Роботтандырылған хирургиялық Sagebot SR– 2000 жүйесін қытай дәрігерлері қашықтан басқарды. Заманауи технология мамандардың алыста болса да, бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Онкологиялық институттың дәрігерлері алдағы бірнеше айда роботтандырылған хирургиялық жүйені қолданып, тағы 50 операция жасайды. Бұл урология, гинекология және жалпы хирургия салаларында кеңінен қолданылатын, ең заманауи әрі тиімді әдістің бірі.

Бақытжан Оңғарбаев, «Қазақ онкология және радиология ғзи» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Роботтандырылған операциялық жүйенің бір басқару тетігі Қытайдың Пекин қаласында орналасқан. Мұндағы біздің екі дәрігер операция бөлмесіндегі екінші басқару тетігі арқылы қытайлық профессорға көмектеседі. Роботтандырылған операция асқан дәлдікпен жасалатындықтан пациент ағзасының сау бөлігін сақтап қалуға мүмкіндік көп.