​Медбикелерге дәрі-дәрмек рецептін жазуға рұқсат берілуі мүмкін

  • 35
  • 12.05.2025, 18:55

«Дәрі-дәрмек рецептін медбикелер де бере алады. Бірақ алдымен дәрігердің тағайындауы қажет. Бұл мәселе, қазір пысықталып жатыр», деді Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев. Яғни созылмалы ауруы бар науқастар дәріге рецепт алу үшін дәрігердің алдына бармай-ақ, медбикенің көмегіне жүгіне алады. Айта кету керек, бүгін - Халықаралық медбикелер күні. Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 200 мыңға жуық орта буын мамандары жұмыс істейді. Оның 146 мыңнан астамы медбике болса, соның 55 мыңы ауылда еңбек етіп жүр. Медбикелер денсаулық сақтау тобының негізгі бөлігіне айналып, дәрігерлердің жүктемесін азайтуға және медициналық көмекке қолжетімділікті жақсартуға көмектесіп келеді. Еліміз бойынша 94 медициналық колледжде медбикелер даярланып, жыл сайын 23 мыңнан астам түлек бітіреді.