Шұғыл медициналық көмекке инновациялық шешімдер енгізілмек

  • 128
  • 13.05.2025, 18:37

Еліміздегі шұғыл медициналық көмек жүйесіне инновациялық және цифрлық шешімдер енгізілмек. Бұл пациенттерді тиімді емдеуге, диагностиканы дәл жасауға мүмкіндік береді.

Еуразиялық шұғыл медицина қауымдастығының III съезінде медициналық авиация, маман даярлау сияқты мәселелер де қамтылды. Жиынға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Үндістан және Түркиядан келген шұғыл медициналық көмек саласындағы сарапшылар қатысып, өзара тәжірибе алмасуда.

Тимур Мұратов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Көрші мемлекеттердің кейбіреуінің даму деңгейі бізден жоғары, біреуі бізден үйренуі мүмкін. Сондықтан бұл өте маңызды. Медицина саласында  үйренуді тоқтату мүмкін емес.