Ә.Смайылов фармацевтика саласындағы кемшіліктерді атады

  • 121
  • 04.06.2025, 18:49

Мәжіліс депутаттары «Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын жұмысқа алды. Құжат гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында әзірленген.

Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов фармацевтика саласына жүргізілген тексеріс нәтижесін жариялады. Айтуынша, дәрі-дәрмектің бірыңғай дистребьютері «СК Фармация» бірқатар препаратты ай сайын үлестірудің орнына, тек тоқсан сайын жеткізген. Осылайша дәрі-дәрмек тапшылығы туындаған. Салдарынан пациент қажет дәрісін өз қаржысына алуға мәжбүр болған.

Жалпы халықты дәрі-дәрмекпен қамту, нарықтағы бағасын реттеу, отандық препараттар өндірісі мен ғылыми-клиникалық сынақ жүргізуде бірқатар олқылық бар. 32 млрд теңгені тиімсіз жоспарлау салдарынан 58 млрд теңге шығын келтірілген. Логистика шығындары үш жыл ішінде 60 процент өсіп, өткен жылы 11 млрд теңгеге жеткен. Бұл да дәрі-дәрмектердің бастапқы құнына әсер етеді. Сондай-ақ бірыңғай дистрибьютор 2022-2024 жылдары тек амбулаториялық көмек шеңберінде 164 өнімді мүлдем сатып алмаған.