Елде бес ядролық медицина орталығы ашылады

  • 152
  • 10.06.2025, 18:46

Ел аймақтарында бес ядролық медицина орталығы ашылады. Оның үшеуі биыл Ақтау, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында, қалған екеуі келер жылы Қарағанды мен Өскеменде пайдалануға беріледі. Барлығы жеке инвестиция есебінен салынуда. 

«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетовтің айтуынша, бүгінде қатерлі ісікке шалдыққандар қатары жыл сайын 5-6 пайызға артып отыр. Қуантарлығы, өлім-жітім деңгейі кейінгі 10 жылда 33 процент төмендеген. Қазір обыр дертімен ауыратын 236 мың адам ем алып жатыр.

Ербол Бекмұхамбетов  «Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы:

- Бүгінгі таңда елімізде 14 ПЭТ, КТ аппараты және 4 циклотронды-өндірістік кешені бар 10 ядролық медицина орталығы, 7 ОФЭКТ аппараты жұмыс істейді. Алдағы жылдары жеке инвестициялар есебінен тағы бесеуін ашу, сондай-ақ тағы бір ОФЭКТ аппаратымен жабдықтау жоспарланып отыр. Осылайша ПЭТ зерттеулерімен қамту 100 пайызға дейін, ОФЭКТ зерттеулерімен қамту 60 пайызға дейін жеткізіледі.