Елде жыл сайын жүйке жүйесінің күрделі патологиясы бар 5 мыңнан астам адамға операция жасалады. Бұл көрсеткіш жылдан жылға арта түсуде. Мамандар озық технологияларды меңгеру үшін әлемдік қауымдастықпен тығыз жұмыс істейді.
Елордада Уолтер Денди атындағы нейрохирургиялық қауымдастығының Х дүниежүзілік конгресі өтті. Онда 20 елден келген 400-ден астам делегат өзара тәжірибе алмасты.
Талғат Керімбаев, Ұлттық нейрохирургия орталығы Жұлын нейрохирургиясы және перифериялық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі:
- Жасанды интеллект, робототехника, «навигация» дейміз, соларды енгізу маңызды. Болашақта нейрохирургтар бүгінгі конференцияның нәтижелерін жұмысына енгізеді деп ойлаймын.