Туберкулез көрсеткіші 10 жылда 50% төмендеді

  • 60
  • 17.07.2025, 18:40

Елімізде туберкулёз бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсарған. Мәселен, соңғы 10 жылда аталған індетке шалдыққандар көрсеткіші 43 процентке, таралуы 52 пайызға, балалардың ауыруы 50,3 пайызға, туберкулёзден болатын өлім-жітім 75,6 пайызға төмендеген.

Айта кету керек, Орталық Азия елдері арасында тек біздің елде өкпе ауруына қарсы күрес диагностикадан бастап, дәрі-дәрмекке дейін мемлекет қаражатына жүргізіледі. Осыдан 10 жыл бұрын 20 мыңға жуық адамға туберкулез диагнозы қойылса, қазір 8 мың адам есепте тұр.

Мәлік Әденов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас фтизиатр-дәрігері, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры:

- 2001–2002 жылдары Қазақстанда туберкулез бойынша ауру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 165 жағдай болған. Ал бүгінгі күнмен салыстырсақ, бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 32 жағдайға дейін төмендеді. Нақты нәтижені өздеріңіз көріп отырсыздар. Мұның барлығы 1999 жылдан бастап мемлекеттің туберкулезге қарсы іс-шараларды толықтай қаржыландыруының нәтижесі.