Қостанайда соққыға жығылған дәрігер Антон Кистанов есін жиды. Қазір жағдайы жақсарып келеді. Ол санитарлық авиациямен Астанадағы шұғыл медициналық орталыққа жеткізілген еді. Кеше жансақтау бөлімінен неврология бөліміне ауыстырылды. Ақхалаттылар оның миы зақымданып, шүйде сүйегі сынған деп отыр. Ауыр жарақаттан бас сүйегінің ішіне қан құйылған. Ал дәрігерді тепкінің астына алған адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Бұған дейін бірнеше рет істі болған күдікті енді 8 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Ержан Әділбеков, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы:
-Екі рет КТ жасадық, барлық диагнозын сонымен көрдік. Қазір біздің бөлімде жатыр. Жалпы жағдайы жаман емес. Тамағы, ұйқысы жақсы. 10 күннен бастап, біз оны реабилитацияға ауыстырамыз.