Онкоскрининг барлығына қолжетімді болады

  • 37
  • 23.07.2025, 18:56

Енді денсаулығын сақтандырмаған адамдар да онкологиялық тексерістен тегін өте алады. Республикалық медицина-санитарлық алғашқы көмек орталығының директоры Айгүл Қасымованың айтуынша ауруды ерте кезеңде анықтауға басымдық беріліп отыр. Негізінен 40 пен 70 жас аралығындағы азамат тексеріледі. 50-ден асқан ер азаматтар да скринингтен өтеді. Бұл жүрек қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін жасалады. 

Айгүл Қасымова, «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» ШЖҚ РМК директоры:  

-Қолға алынған шаралар нәтижесінде скринингтердің тиімділігі едәуір артады деп күтілуде. Жаңа тәсілдер ауруларды ерте кезеңде анықтауға, өлім-жітім деңгейін төмендетуге және халық денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.