Қант диабетіне шалдыққандар жарна төлей ме?

  • 12
  • 06.08.2025, 18:54

Қант диабетіне шалдыққандар МӘМС жүйесінде қосымша жарна төлемейді. Бұл дерт әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алынып тасталған. Дегенмен оларға көрсетілетін көмек пен дәрі-дәрмекті жеткізу тәртібі өзгермейді. Тек дәрімен қамту тетігі енді МӘМС жүйесі арқылы іске асады. Себебі сонда ғана тұрақты әрі уақытында қаржыландыруға мүмкіндік болады. Енді 536 мыңға жуық адам қант диабетімен ауырады. Олардың 95% ғана сақтандырылған. Қалғандары жұмыс істесе, онда МӘМС жүйесіне жарна төлеуі керек. Жұмыссыз болса, еңбек биржасына тіркеліп, жеңілдік алатын санатқа қосыла алады. 

Гүлнәр Сәрсенбаева , ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры:

-Медициналық көмек көрсететін механизмі барлығы сол күйінде қалады. Тек қана төлемі МӘМС есебінен. Бүгінде 500 мыңнан астам науқас динамикалық бақылауда бар. Оның ішінде балалар, мүгедектігі бар адамдар бүгінде әлеуметтік сақтандыру жүйесінде отыр. Оларға әлеуметтік сақтандыруды мемлекет төлейді.