Елімізде ана өлімі көрсеткіші 12% төмендеп, тарихи минимумға жетті. Сондай-ақ неонаталдық өлім 20%, сәби өлімі 11%, ал бала өлімі 8% азайған. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында туа біткен ақаулары бар 600 нәрестеге ота жасалды. Туғаннан бастап жүргізілетін скрининг нәтижесінде бастапқы мүгедектік 7,5% төмендеді, ал дүние есігін жаңа ашқандардың өмір сүру деңгейі 93% дейін артты. 2026 жылға қарай тағы 1 млн-нан астам адам МӘМС жүйесімен қамтылады. Халықты жүйеге барынша тарту мақсатында әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдардың төлеу тетігі енгізіледі. Жеңілдігі бар санаттағы 11 млн азаматқа мемлекет жарнасының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Осылайша, 2030 жылға қарай қаржыландыру көлемін 289 млрд теңгеге дейін ұлғаймақ. Ал 2027 жылдан бастап мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмек көлемі мен МӘМС пакеті арасындағы нақты айырмашылықты белгілейтін бірыңғай қызмет енгізіледі.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға тегін онкологиялық скринингтер мен ең көп таралған және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша скринингтер қолжетімді болады. Онкологиялық жүрек қантамырлары ауруралын ерте анықтауға арналған скринингтердің жаңа түрлері енгізілуде. Ер адамдарға жаңа скрининг түрі енгізілді.