15 қыркүйектен бастап келер жылдың 15 сәуіріне дейін enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады. «Осы күнге дейін берілген өтініштер әдеттегі тәртіппен қаралады»,– дейді Отбасы банк өкілдері. Бұған себеп: тіс емдеуге өтініш беру кезінде зейнетақы қаражатын мақсатсыз пайдалану мен құжаттарды қолдан жасау фактілері көбейіп, ақшаның лицензиясы жоқ стоматологияларға түскені анықталған. Мысалы, клиенттердің бірі өз зейнетақы қорындағы қаражатты тіс емдеуге пайдалану үшін 11 рет өтініш беріп, кемі 65 имплант қоюға жетерлік қаражат алған. Сондықтан енді тіс емдеуге зейнетақы ақшасын пайдалану барысында алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін тиімді жүйе қарастырылмақ.