Ақтауда жедел жәрдем бригадалары бәсекеге түсті

  • 10
  • 19.09.2025, 19:52

Жарысқа аймақтардан, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь және Ресейден келген командалар бақ сынасты. Дәстүрлі сайыс жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттырып, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуын көздейді. Үш күндік чемпионат қорытындысында І орынды Жамбыл облысының командасы жеңіп алды. ІІ орын Абай өңіріне берілсе, ІІІ орынға Астана қаласының дәрігерлері лайық деп танылды. Ал өзге елдерден келген бригадалардың арасынан Беларусь командасы жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Павлодар және Ұлытау облысының бригадалары арнайы номинациялар бойынша марапатталды. 

Асхат Сапаров, ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМК басқарма төрағасының орынбасары:

-Алғашқы көмек көрсетудің стандарттарына тағы бір ерекше станция дейміз, соны қостық «түнгі тапсырма» деп аталады. Себебі мына жедел жәрдем қызметкерлері күн болсын, түн болсын 24 сағат, 7 күн барлығына дайын болады. Сондықтан сол дайындықтарын тексеру үшін сондай сценарий қостық.