Эпидемиологиялық жағдай: жұқпалы дерттер азайды

  • 15
  • 25.09.2025, 19:36

Бас санитар дәрігер Сархат Бейсенованың айтуынша, профилактикалық шаралардың арқасында ағымдағы жылы оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит және іш сүзегі сынды 21 қауіпті инфекция тіркелмеген. Сонымен қатар А вирустық гепатиті 2,5 есе, коронавирус инфекциясы 1,6 есе азайған. Туберкулез 13% төмендесе, қызылша 91%, ал көкжөтел сегіз есе кеміген. Себебі иммундау шеңберінде қызылшаға қарсы 191 мыңнан астам бала және көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы 235 мыңнан астам балаға екпе егілген. Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары жалғасады. 

Сархат Бейсенова,  ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы: 

-Пандемия аяқталғанымен, халық арасындағы КВИ ауруына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады. Биылғы жылдың 8 айында 882 КВИ жағдайы тіркелді, өлім жағдайы болған жоқ. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ауру 1,6 есе төмен.