Елде жыл сайын 300-ден астам қазақстандық мәйіт донорына қол жеткізе алмай көз жұмады. Жауапты министрліктің хабарлауынша, бүгінде 4,5 мыңға жуық науқас ағза трансплантациясына зәру. Оның ішінде 121 бала бар. Бауыр 222 пациентке, жүрек 149-ына, өкпе 27, өкпе-жүрек кешені 6 адамға қажет. Қазақстанда соңғы 13 жыл ішінде 3200-ден астам ағза трансплантациясы жасалған. Мамандардың айтуынша, тірі донордан ағза трансплантациясы жүйелі түрде жүзеге асырылса да, мәйіт донорлығы дамымай тұр. Мәселен, мұндай ағза беруші бір адамның өзі жеті адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Назгүл Жылгелдина, ҚР ДСМ транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық директорының орынбасары:
-Қазіргі таңда келісім де, бас тартуда қатар жүреді. Презумпция бола тұра, біздер тума туыстан сұраймыз. Екіншіден КОВИД эпидемиясы басталды. Сол себепті 2020-2021 жылдардан бері қарқыны төмендеп кетті. Соңғы жылдар жоғарылатуға күш салып жатырмыз. Дегенмен деңгейге жетпей жатырмыз.