Қазақстанда Орталық Азиядағы ең алғашқы протон терапия орталығы ашылады

  • 8
  • 10.11.2025, 19:41

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың сөзінше, жаңа орталық Ұлттық онкология орталығы базасында жұмыс істейді. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып отыр. Енді жыл сайын 900-ге жуық науқас шетелге шықпай-ақ елде ем қабылдай алады. 

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бұған дейін мұндай ем түрі елде болмағандықтан, жыл сайын шамамен екі миллиард теңге бөлініп, науқастарды шетелге жіберуге тура келетін. Енді протон терапия Қазақстанда да қолжетімді болады. Науқастарға қажетті барлық ем-шара мемлекет есебінен көрсетіледі.