Алматыда «гонконг тұмауына» шалдыққандар тіркелді

  • 16
  • 17.11.2025, 19:50

Дәрігерлер бұл штамды «Гонконг тұмауы» деп те атайды. Науқастардың көбі жүкті әйелдер. Олар қазір қажетті ем-дом алып жатыр. Жалпы өткен аптада 23 мың алматылық тұмау жұқтырған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 18 пайыз жоғары. Ал эпидемиологиялық маусым басталғалы 113 мыңнан аса адам әртүрлі тұмауға шалдыққан. Олардың дені балалар. Сондықтан дәрігерлер жеке бас гигиенасын қатаң сақтауды ескертіп отыр. Ал емханалар мен ауруханаларда бетперде кию тәртібі енгізілген. Қыркүйектің соңында тұрғындарға вакцина салу басталды. Осы күнге дейін 254 мыңнан аса адам екпе алған.

Ләйлә Иманғалиева, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Н3N2 типті тұмаудың тек 13 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайлары қанағаттанарлық. Қалада ринавирус, бокавирус, энуевирус, адинавирус, парагрип және тұмау сынды, корновирус секілді басқа да ЖРВИ вирустары қатар жүр. 

Қарлығаш Әбдірахманова, балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас директорының орынбасары: 

- Ол да жаңағы дене қызуының көтерілуімен жөтеледі, ентігу болады, дене қызуы көтеріледі, қызу, іш өту белгілері де болуы мүмкін. Бірақ ол қалыпты жағдай да ЖРВИ. Симптомдар оларда да кездеседі.