Атырауда вирустық инфекциясы өршіп тұр

  • 6
  • 18.11.2025, 19:42

Атырауда балалар арасында жіті респираторлық вирустық инфекциясы өршіп тұр. Қазір 14 жасқа дейінгі 16 457 баланың вирус жұқтырғаны анықталды. Облыстық инфекциялық ауруханаға жүгінетіндер көп. Дәрігерлердің айтуынша, бір күнде 100 адамға дейін қабылдау бөліміне қаралады. Амбулаторлық ем қабылдауға болатын науқастар үйіне жіберілсе, жағдайы ауыр адамдар ауруханаға жатқызылады. Қазірдің өзінде инфекциялық аурухана толған. 180 адамға шақталған медициналық мекемеде 250 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың 150-і 1 жасқа дейінгі балалар болса, 40-тан аса жүкті әйел бар. Дәрігерлер сақтықты күшейтіп, қоғамдық орындарға бармау керегін ескертеді.

Әсия Сидешова, облыстық №2 аурухана ЖРВИ бөлімінің меңгерушісі:

-Қазір аурухана толық. Қабылдау бөліміне 1 тәулікті есептейтін болсақ, 80-100 дейінгі науқас бізге қаралуда қазір бөлімшеде, қабылдау бөлімінде. Соның ішінде дәрігерлерге жүктеме өте көп түсіп тұр деп айтқым келеді. Ауру басталған екен, мысалы 1 жасқа дейінгі балаларда, жүкті әйелдерде, 2-3 күнге дейін үйде жатып қалмай, дер кезінде учаскелік дәрігерге қаралу керек. Үйге шақыру керек, дер кезінде оның  емін  алу  керек.