Тұмау өршіп тұр

  • 10
  • 19.11.2025, 19:43

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады. Тек соңғы аптада республика бойынша 183 мың адамның вирус жұқтырғаны анықталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% артық. Мамандардың сөзінше, биыл вирустың таралуы әдеттегіден ерте басталған. Сондай-ақ қазір жалпы ауырғандардың 66% астамы 14 жасқа дейінгі бала.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Эпидмаусым басталғалы бері тұмаудың зертханалық расталған 587 жағдайы 2001 жылдан бері тіркеліп келе жатқан Гонконг тұмауы анықталды. Алдыңғы жылдары тұмау циркуляциясы 43-ші, 51-ші апталарда, жаңа жылға таман өсу байқалса, биыл ерте анықталып, 41 аптада басталды, яғни қазан айының бірінші жартысына сәйкес келуде. Болжам бойынша өсім желтоқсан айының ортасына дейін сақталуы мүмкін. Қазақстан аумағында тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ.