Дәрігерлердің айтуынша, денесін күйік шалған науқастар қазір өкпені жасанды желдеткіш аппаратына қосты.
Мадияр Бүгібаев, Түркістан облысы Жетісай аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары:
-Құтқарушылар келген сәтте зардап шеккендердің бірі, 1986 жылы туған азамат үйден өз күшімен шығып үлгерген. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда, денесінің 12% күйік шалған. Тағы екі зардап шегуші 1991 және 2018 жылы туған азаматтар да, денесінің 30% және 11% күйігімен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Шымкенттен санитарлық авиация бригадасы ұшып шықты.