Еліміздегі дәрі-дәрмек қоры артады

  • 38
  • 20.11.2025, 19:41

Бұл биылғы жылмен салыстырғанда 7,2% артық әрі ешқандай делдалсыз тек өндірушілерден тікелей алу көзделіп отыр. Сондай-ақ БҰҰ-ның даму бағдарламасы, «ЮНИСЕФ» және «СТОП ТБ» секілді ұйымдармен ынтымақтастық артады. Сатып алынған дәрі-дәрмектерді желтоқсанға дейін біріңғай дистрибьютордың қоймаларына жеткізу жоспарланған. Ал медициналық ұйымдар келер жылдың қаңтарынан бастап алады. Бұдан бөлек, 2027 жылдың қорын жасақтау міндеті тұр. Бұл жұмыс мамырда басталады.

Аңсар Каблаев, «СК-Фармация» ЖШС атқарушы директорының міндетін атқарушы:

- 2026 жылы тегін дәрі-дәрмекке деген денсаулық сақтау жүйесінің қажеттілігі 567 млрд теңгеден асады. 400-ден астам дәрілік зат делдалдардың қатысуынсыз тікелей сатып алынады. Бұл биылғы жылмен салыстырғанда үш есеге дейін жоғарғы көрсеткіш.