Жалпы Қазақстанда 35 мыңнан аса адам осы дертпен өмір сүріп келеді. Олардың 92 пайызы антиретровирустық емді қабылдайды. Нәтижесінде ағзадағы вирустың белсенділігі төмендеп отыр.
Бұл туралы Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтылды. Дәрігерлерінің айтуынша, СПИД-тен көз жұмғандар саны соңғы 10 жылда 4 есе азайған. Дегенмен сақтық шараларын әсте естен шығаруға болмайды. Алдағы жылы жаңа препарат енгізілуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған вакцинаның тиімділігі жоғары және жылына екі-ақ рет салынады екен.
Сайрамгүл Қасымбекова, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі:
- 41 пайызы бізде әйелдер. Сол әйелдердің арасында 82 пайызы – ол фертильдік әйелдер, 15 пен 49 жас арасындағы әйелдер. Қазіргі кезде бізде 350 әйел жүкті. 25 жылы туған әйелдердің ішінде бір балаға ғана осы вирус жұқты. Басқа әйелдер сау бала туды.