Бүгінде Қазақстанда бұл көрсеткіш 92% шамасында. Сондай-ақ сатып алу, медициналық қызметтерге ақы төлеу сияқты басқа да негізгі бизнес үрдістер сандық жүйеге көшіріледі.
Айта кетейік, елімізде 17 млн адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Оның 12 млн-ға жуығы жеңілдікке ие. МӘМС қаражатының жиынтық көлемі 6 жыл ішінде 6,8 трлн теңгеден асқан. 1-ші қаңтардан бастап сақтандыру пакеті кеңейтіледі. Сондықтан цифрлық тетіктерді енгізу арқылы қадағалауды күшейту жоспарланып отыр.