Қостанайда ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

  • 3
  • 26.12.2025, 18:53

Сегіз корпустан тұратын бұрынғы Президент резиденциясында, енді психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл жүйесі зақымданған балғындар ем-дом қабылдайтын болады. Мұнда жылына кемінде 900 бала медициналық және әлеуметтік көмек алады. Ол үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Ғимараттар мүгедектігі бар жандардың ыңғайына сай жаңартылып, құрал-жабдықтар арнайы тапсырыспен АҚШ, Еуропа елдерінен жеткізілген. Бұл мақсатқа «Қазақстан халқына» қорынан 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған.     

Қарлығаш Тумерзина,  қала тұрғыны:

-Компьютермен жабдықталған бәрі. Балаларға өте қызықты. Бір жағынан ойын түрінде, бір жағынан тренажеры болады. Мұндайды көрмегенбіз әлі. Көрдік, келдік,бәрі ұнап жатыр. Қуаныштымыз осындай орталық ашылғанына.  

Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы:

- Бұл жерде енді бальнеологический жағы бар, мына иммерсионный ванналар бар, неше түрлі интерактивный комнаталар бар. Біздің комонавтар ұшып барып келіп, реаблитация өтетін сондай оборудованиелер. Біз айттық біздің балалар космонвтардан кем емес. Оларда осындай реаблитация мықты болу керек деп.