Алматының Жетісу ауданында №1 емхананың жаңа бөлімшесі ашылды. Мақсат – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. №1 емханаға қаралатын адам көп. Мекеме тарлық қылған соң, қосымша ғимарат салуға тура келді. Жаңа бөлімшеде 20 мың тұрғынға қызмет көрсетіледі. Дәрігерлер күніне 200 науқасты қабылдайды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек, профилактикалық тексерулер мен екпе жасалады. Дәріхана, рентген, ультрадыбыстық зерттеу аппараты, ЛОР және офтальмолог кабинеттері бар. Бүгінде Жетісу ауданында 200 мыңға жуық адам тұрады. Соның 135 мыңы мемлекеттік емханаларға тіркелген.
Ақмарал Камалова, №1 қалалық емхана директорының орынбасары:-Жақында тұратын тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, яғни ешқандай автобус ауыстырмай 20 минуттың аралығында әр тұрғын өзі келіп көмегін алу үшін, өте сапалы қызмет көрсету үшін емханамызда барлық жағдай жасалған. Бесінші қаңтардан бастап 2026 жылдан бастап емханамыз қабылдауын бастайды.