Шалғай ауылдарда медициналық көмек қолжетімді бола түсті

  • 12
  • 30.12.2025, 18:35

Шалғай аудандарда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан с ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 645 медициналық нысан бой көтерді. Бірер күнде тағы 10 жобаның құрылысы аяқталады.

Павлодар облысындағы ауыл тұрғындары енді алыс сапарға шықпай-ақ сапалы медициналық көмек ала алады. Өңірде соңғы 2 жылда 30 медициналық нысан салынды. Бұл «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының жемісі.

Арман Исақаев, облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының бөлім  басшысы:

-Барлық медициналық нысан тиісті  жабдықтармен толық қамтылған. Олардың қатарында телекардиограф, инфузомат, спирограф, дефибриллятор, сондай-ақ сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған физиотерапиялық аппараттар бар

Жаңа медициналық нысандарда барлық жағдай жасалған. Емшара кабинеттерінен бастап дәріхана пункттеріне дейін бар. Жергілікті жерде заманауи медициналық жабдықтар түгел болғандықтан, ем іздеген ауыл мен аудан халқы бұрынғыдай облыс орталығына  сабылмайды. Себебі жаңғырту кешенді түрде жүргізіледі. Мәселен, алдағы жоспар...

Алтынай Әлтенова,  ҚР ДСМ Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы:

-32 аудандық аурухананы көпбейінді ауданаралық аурухана деңгейіне дейін көтеру. Бұның ішінде құрылыс жұмыстарынан бөлек, медициналық нысандармен жабдықтау, ауыр техникалар бар ғой, КТ, МРТ, эксперт классты УЗИ аппараттар сияқты және осы медицина аппараттарымен жұмыс істейтін мамандармен қамту қаралған. 

Бүгінде 32 аудандық аурухананың 8-і көпбейінді аурухана ретінде халыққа қызмет көрсетіп отыр. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасады.

Дана Әлиева