Ақтөбе облысында тоғызыншы медициналық пункт қолдануға берілді

  • 13
  • 30.12.2025, 18:36

Ақтөбе облысында ел қазынасына қайтарылған активтер есебіне салынған тоғызыншы медициналық пункт қолдануға берілді. 556 тұрғыны бар Жарық ауылына медициналық пункт салуға 137 млн теңге бөлінді. Әлеуметтік нысан Мұғалжар ауданына қарасты Жарық ауылында ашылды. Қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған ғимарат «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Жалпы ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба аясында Ақтөбе облысындағы 29 ауылда медициналық нысан салынды. Биыл 11 нысан ашылған.

Бақтыбай Қарабалин, Жарық ауылының тұрғыны:

-Ауырып қалсақ, алдымен Ақкемерге береді. Ақкемерден Қандыағашқа жіберетін еді. Енді ауылдан өздеріміз емдеп, доктор келіп, өте қуаныштымыз осындай ғимарат салып, іші жылы, жарық, аппаратурасы бар. Қуанып жатырмыз. Көп-көп рақмет.