Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі аясында қолданылатын барлық вакцина халықаралық және ұлттық сараптамадан өтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптары және ұлттық заңнамаға сәйкес тіркеуге алынады.
Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
- Вакцинаны сатып алу кезінде ең бірінші бұл вакцинаның бағасына емес, қауіпсіздігіне және тиімділігіне мән беріледі. Сондықтан бұл «арзан вакцинаны сатып алады» деген – шындыққа жанаспайтын мәлімет. Екіншіден, осы көпжылдық тәжірибеге байланысты вакцинация бізде көптеген ауруларды төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.