Яғни қалталы азаматтар көбірек төлейді. Сондай-ақ МӘМС жарналарын үздіксіз бес жыл төлеген азамат енді жұмыссыз қалса да, алты айға дейін дәрігерге қарала алады. Әлеуметтік осал топтағыларға да медициналық көмек толық қолжетімді болады. Бүгінде ел халқының 82%-нен астамы МӘМС жүйесінде сақтандырылған.
Зәбира Оразалиева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының кеңесшісі:
- 2026 жылдан бастап осы сақтандырылған санатына тағы да 1 млн-ға жуық азамат қосылады. Яғни цифрлық отбасылық картаға сәйкес, Д және Е санатына енетін азаматтар жергілікті бюджеттер тарапынан сақтандырылатын болады. Яғни осы Д және Е санатындағы азамат медициналық мекемеге келген кезде оған басқа ешқайда барудың қажеті жоқ. Оның сақтандыру мәртебесі бар. Оған барлық медициналық көмек қолжетімді.