Астанада робот-ассистенттің көмегімен күрделі ота жасалды

  • 10
  • 16.01.2026, 21:48

Астанада робот-ассистент көмегімен 2 адамның тізе буынына күрделі ота жасалды.

Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығындағы хирургиялық процеске Үндістаннан арнайы келген білікті маман, доктор Суджой Кумар Бхаттачарджи жетекшілік етті. Ол бұл салада 20 жылдық тәжірибесі бар халықаралық сарапшы. Бүгінгі отада мамандар роботтың қимыл-қозғалысына, биомеханикалық есептеулері мен имплантты орнату шеберлігіне тәнті болды. Бұл жүйе дәрігерлерге біліктілігін арттыруға, отаны дұрыс жоспарлауға мүмкіндік бермек.

Асқар Арғынбаев, ҚР ДСМ Электронды денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры:

- Дәрігерлердің операция жүргізудегі тиімділігін арттыруға бағытталған. Операциядан кейін науқастардың едәуір және тезірек жақсаруына көмегін тигізеді. Артықшылығы бұдан бөлек, Қазақстандағы барлық травматолог-ортопедтерді оқытуға көмегін тигізеді.